Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  102


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

* * *

Домбыраңды
Тартшы бір келістіріп,
 Мен емес,
Күтіп отыр неміс жігіт.
Құлақ күйін келтіріп алсыншы деп,
Іштен тынып,
Жымидық, тегіс күліп.
Бұйығамыз.
Өзара ығамыз кеп,
Домбырадан көп нəрсе ұғамыз деп.
–Қасиетті қазақтың күйін тыңдап,
Қазір, қазір құмардан шығамыз, – деп.
Шықардағы жұмыс жоқ
Тықыр-шумен,
Біз отырмыз.
Тағатсыз тықыршумен.
Күй орнына күйкілік сөзге көшіп,
Басқаларды отырдың
сыпыртумен.
Қаза сөйлеп
Арғыны-бергіні кеп:
Алдыменен мен туған Жерді біл, – деп.
–Домбыра емес,
Көсеу ғой, – дедің дағы
Дос алдында
бəлсініп,
кергідің кеп.
Осы айтқаның
Ойыңның тереңі ме?
Олай болса
Не жатыр «тереңінде».
Қасиетін білмесең Домбыраның,
Қазақ болып жүрудің керегі не.
Ұқсамайсың.
Көктемде
Көктейтінге,
Ұқсап тұрсың
Ұятқа жетпейтінге.
 Сен «көсеу» деп отырған
ұлы аспаптың,
Тиегінен садақа кетпейсің бе!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу