Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
245
БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР - ЕКІНШІ ЖЫР
Жұлдыз боп күліп,
күн болып туып, нұрланып,
Шетінен бəрі ақжайсаң сəуле, жүр жанып.
Шын досы болсаң дүние тұрмақ, өздері –
Жолыңа сенің құрбандық.
Болады тағы бұлбұлды баққа бұлақ та,
Шегіршін сынды құлпырған гүлдер қыратқа.
Үйірден ұстап құлағында ойнайды құдай боп,
Үйретілмеген құр атқа.
Жеткізу қиын қасиетін сонша сөз етіп,
Олардан ада опасыздық пенен кезептік.
Олардың жауы жағымпаздар мен жасықтар,
Өздері тұрған өжет жұрт.
Көрмеген бірде көсілген жолға шаң қонып,
Көлбеген белден көтерілгенде таң болып.
Көңіліңе мəңгі көгілдір аспан орнайды,
Келгенде олар əн болып.
Кеңесжан Шалқарұлы Кеңесжан Шалқарұлы өлеңдері БІЗДІҢ ЖІГІТТЕР жыр жігіттер туралы жыр жігіт жігіттер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter