Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
121
КЕШ
Көбейтіп көлеңкені даладағы,
Күн таудан тепкен доптай домалады.
Бантик боп қадалып тұр гүл басына,
Көбелек ұшып жүрген бағанағы...
Сар маса сияқтанып жеңіл əріп,
Бір сəтке мазалайды сені барып.
Аспанда ұзақ күнге əн шырқаған,
Бозторғай бұтада отыр демін алып.
Лаулайды тебіреніп, сезімдегі от,
Осынау жазғы кештің кезінде тек.
Аспанды жұлдыз қаптап бара жатыр,
Қасқырдың анталаған көзіндей боп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter