Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.02.2022
163
СƏЛЕМ, САҒАН
Ұлыма
Сағынып елді жүргенде,
Сабылтып жаным, сен келдің.
Сайрады сонда жыр кеуде,
Сарылтқан сырым сен бе едің.
Нұрланып кетті бұл маңай,
Өлеңге толып өзегі.
Жанардан жасым құрғамай,
Жалғыз боп жүрген кез еді.
Хат күткен елден батыр ем,
Келмейді одан ақыры.
Арымнан келген хатым ең,
Архат деп қойдым атыңды.
Қуаныштан мас боп тербелдім,
Ашыла түсті түндігім.
Жалғасым болып сен келдің,
Жабықтан қарап күлді күн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter