Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  139


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ҚЫЗЫЛЖАР

Шықты ересен білік көп,
Шындық таппай шешімін.
Ұрпақтарға ұмыт боп,
Бара жатыр есімің.
Ең алғашқы қазақтың
Еңсесі үлкен мұрасы ең.
Айтылатын ғажап күн,
Əні едің бір əсем.
Ұл мен қызың жетеді,
Бір сен үшін қамыққан.
Еңірегенде етегі,
Жасқа толған тарихтан.
Айналайын, Қызылжар!
Ақтаңдағы Жерімнің.
Қансоқталы ізі бар,
Ізтоллиндей əр ұлдың.
Көңіліме етіп мұң,
Көз жіберем көшіңе.
Мағжан киген етіктің
Ізі қалған көшеңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу