Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  133


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

ТОҚАЙҒА

Тағдырда таулары көп, еңісі көп,
Өстік біз екі көктем төлісі боп.
Қаншалық туысқанмен, бір қазаннан –
Көрмедік ризықты бөлісіп жеп.
Біреуге оңай, біреуге қиын дала,
Өмірдің жатты жолы шиырлана.
 Əкеміз екеуміздің бір екенін,
Ұқтым тек шыққан кезде жиырмаға.
Кей-кейде көрінеді дала тар боп,
Басылып табаным мен алақанға от.
Өстік біз, бір əкеден жаралсақ та,
Екеуміз екі ұяға балапан боп.
Өссек те екі ұяға балапан боп,
Нұрымен біріктірді жаңа таң кеп.
Біздің бұл тағдырларға, бұрын қанықБір минут қараған жоқ дала таң боп.
Махаббат тұнығына қанады екен,
Арада болмаған соң алабөтен.
Қалтқысыз туысқандар қайда жүрсін,
Қалай да бірін-бірі табады екен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу