Өлеңдер ✍️

  13.02.2022
  109


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

НАЗ

Мен сені талай-талай өкпелеттім,
Адамың сияқтанып жек көретін.
Сол кездің түссе есіме елестері,
Алдыңа кешіріммен көп келетін.
Мөлдіреп кінəратсыз көзің тұнып,
Өзіңсің ұялатқан көңілге үміт.
Кетпеші,
кекке санап аңқаулықпен,
Кейде бір айтқан сөзді өзімсініп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу