12.02.2022
  404


Автор: Абдрахман Асылбек

Тазалық

Шекілдеуік шағып тұрды,
Сыныпқа кеп бір бала.
Дедім оған атып тұрып:
«Таза еденді былғама.
Балшығымен баса салар,
Жауынды күн жүрсе адам,
Не қоқырсық шаша салар
Қойма емес қой бұл саған»
Мен жіберген қаталықты
Түзетті кеп Ақбала:
«Сақтау керек тазалықты
Көшеде де, бақта да».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу