12.02.2022
  246


Автор: Абдрахман Асылбек

Кім ұтты?

Дүкеншіден ініге
Әкепті аға етікті.
Кең деп, көнбей тіліне,
Кимей, ойнап кетіпті.
Тозаң басып сарайда,
Пайдаланбай жатыпты.
Бағасына қарай ма?
Күл-қоқысқа атыпты.
Бір жыл жатқан киімді
Тозды ғой деп ұғыпты.
Кімге болды тиімді?
Айтшы, сонда кім ұтты?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу