Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.02.2022
107
ТҮЙІН
Тоқтатып Чамал ханмен хан өлімін,
Наурызбай білдірген-ді даналығын.
Амал не? Адам барда – адалдық жоқ,
Ызғары көтерілді жаңа күннің.
Тоқтамай қасап болды хан өлімі,
Қас батыр іске аспады даналығы.
Қан төгу су төгуден кем болмады,
Басталып патшалықтың «балалығы».
Наурызбай соңғы батыр бола алмады,
Еріксіз жалғастырды жол алдағы.
Бұлаңдап түлкі болып заманалар,
Жиырылып жол сілтеді жылан дағы.
Жауыздық үдей түсіп соқталдары,
Жаңарды арт-артынан оқтар тағы.
Наурызбай ақ тілегі ақталмады,
Қан төгу дегеніңіз тоқталмады...
Заманнан көңілдерге үрей түсті,
Күйгізіп мың ой сыртты, мың ой ішті.
Саурық пен Сұраншыдай қас батырлар,
Солардың əсерімен үдей түсті...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter