Өлеңдер ✍️
ЖАҢА
Дейміз біздер «дін көне»,
Дін емес, біз көнеміз.
Алмаған соң діндене,
Көрінеді көнеміз.
Көнеліктен күндене,
Көрілмеуі дін шыңы.
Болса анығы кім көне,
Соған жабық дін шыны.
Балағаттан соң адамда,
Басталады ескілеу.
Ұстау жаңа оны адамға
Келмек діннен, естім-оу!
Көнелігі адамның,
Діннен тыс қау мәңгіріп.
Басылмауы қадамның,
Дін – жаңаға мәңгілік.
Дін Хақ қалау болғасын,
Кірсіз, таза, зат жаңа.
Адамға, өзін, ол да сын,
Дінде ұстамау жап-жаңа.
Кірімізді ішкі анық,
Дінмен жуып-шаймақпыз.
Дінмен құл боп күшті анық
Пәк тұрмақпыз жайнап біз.
Болғасын да дін жаңа,
Адам дінге өтеді.
Хақ алдына дін ғана,
Жаңа күйі жетеді.
Қалмау үшін көнеріп,
Қадірсіздеп ескіріп.
Дінге, қане, енелік,
Тұрмай хақсыз осқырып.
Біз іздеген хақ сонда,
Біз іздеген Нақ сонда.
Біз іздеген бақ сонда,
Біз іздеген тақ сонда...
Дінмен жүрсе адамның,
Жаңа халы сақталмақ.
Дінге ендіріп адамның,
Жаңа халын сақта,
Аллаһ?!
Әмин!
2012.4.11
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter