Өлеңдер ✍️

  10.02.2022
  133


Автор: Құл-Керім Елемес

ДАУЫС

Әр ата-ана нұрланбай,
Әр отбасы нұрланбас.
Әр отбасы нұрланбай
Мемлекет нұрланбас!
Әр ата-ана орнықпай,
Әр отбасы орнықпас.
Әр отбасы орнықпай,
Мемлекет орнықпас!
Әрбір жеке хақтанбай,
Ұлт пен ұру хақтанбас.
Ұлт пен ұру хақтанбай,
Мемлекет хақтанбас!
Әрбір жеке шынданбай,
Әрбір әкім шынданбас.
Әрбір әкім шынбанбай,
Мемлекет шынданбас!
Әрбір ұстаз растанбай,
Әрбір шәкірт растанбас.
Әрбір шәкірт растанбай,
Елдің халқы растанбас.
Мақтаулы Аллаһ тұрғанда,
Мақтаулы құл мақтанбас.
Хақ төбеден ұрғанда,
Жаман одан сақтанбас.
Сақтанбаған сафтанбас!
Халық өзі дінденбей,
Ханы оның дінденбес.
Ханы оның дінденбей,
Мемлекет дінденбес!
Мемлекет дінденбей,
Мемлекет гүлденбес.
Мемлекет гүлденбей,
Елдің күні күнденбес...
Бұл сөзімде қате жоқ,
Мәнін терең білгенге еш.
 Хақтан қайтсең де, ей, халқым,
Айырмағын іргеңді еш!
Түк марқадам таппайсың,
Рас сөзге күлген де еш.
Жақсылықтан айырма,
Жамандықпен іргеңді еш.
Ойсыз,
Қамсыз,
Амалсыз,
Алам деуге нұр көнбес.
Сондықтан да, бауырым,
Хақ жолына бірден көш!
Сонда ғана қалмайсың,
Хақиқаттан мүлдемге еш.
Олсыз адам өмірі,
Олла-билләһ гүлденбес!
Ала-алмайсың һәм Хақтан,
Жәннәттайын жүлдеңді еш!
Тиынға опа бермейді,
Бұ дүние білгенге еш!
2012.3.14




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу