Өлеңдер ✍️
ИӘ
Такаппарлықтан бойда бір көмес нышан бар,
Менмендей бермей мезетінде оны іш аңғар.
Құтылу одан Аллаһқа құлдық бір міндет,
Кеңімес олсыз орныққан жанға қысаңдар.
Ол кетпей бойдан рух та алға аттамас,
Иман да нұрлап қасиетін хақтық сафтамас.
Құлшылықтар да құдіреттеніп, құтайып,
Адамым анық адамдық қалпын сақтамас.
Менім-ай, шіркін, тек биіктікті сүйесің,
Дұрыс-ау, бірақ жуу шарт жанның күйесін.
Өзіңе сіңген бұл сұмдық халды жоймасаң,
Біліп қой соны, отына оның күйесің.
Менім-ай, шіркін, қайтпаса екен меселдең,
Құтылсаң екен құтайтпас бұл сұм кеселден.
Түбіңе түсіп орнығып алған ол бір сұм,
Ол сұм ба,
Ол сұм құбылуға әбден төселген...
Сен байқұс, дұрыс, мейірімді-ақсың, иманды-ақ!
Иманыңа арың, намысың, барың иланды-ақ.
Бәрібір бірақ меніңнің сона-ау түбінен,
Айғайын естіп қаласың оның қираңдап...
Міне бұл сенің ішкі кіріңнің белдісі,
Ішкі кір құлдың құритынының белгісі.
Астағфираллаһ,
Менім, ей, оны құрт онда,
Такаппар адам Хақ алдындағы нөл кісі!
«Барлық жан биік,
Аласасы анық тек менмін,
Мен өйткені ауыр Жер деген үнсіз тектенмін»,
деген ой емес ой ғана, менің боуы шарт,
Сонда әне Хақтың боласың бірі өпкеннің!
Иншаллаһ!
2012.1.14
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter