Әңгімелер ✍️
Сөз соңы
Жәнібек Тархан аса сыншы кісі болған. Ол адам- ды құрметтеп, қадірлей білген. Қанша бір атақ- даңқы асып тұрса да, өнеге тұтқан ағаның алдына түс-
пеген, атақ-абыройына шәк келтірмеген.
Шақшақұлы Жәнібектен «өзіңіз білетін адамдар- дың арасынан кімнің ерлігі ерен деп санайсыз?» деп сұрағанда, батыр:
«Өткендегі де, бергідегі де қазақта Қабанбайдан артық батыр болған емес. Қабанбай аруақты ер, бір өзі келе жатқанда екпінінен 400 – 500 адамның дүмпуі білінетін. Қабанбай қара нөпір жауға тиіскенде, кір- ген жағы – есік, шыққан жағы – жол болып қалушы еді» деген екен.
«Әбілқайырдың бір байқағаны – Жәнібектің қол ас- тындағы ел шетінен сөзуар. Үндемегедерінің өздерінің танаулары желпілдеп, еріндері жыбырлап тұрады. Бі- рақ сөйлеп отырған кісінің сөзін бөлмейді. Ал сөз ти- генде қай-қайсысы да судай аға жөнеледі.
Ондай мінез дарымағаны Жәнібектің өзі ғана. Ол есіп сөйлемей, аузындағы сөзін дәмін алып отырған- дай бипаздап баяу сөйлейді. Жақ ашқаны қарымды жігіттің тұзақ тастағанындай. Сөз желісі әңгіменің небір шу асауының қыл мойнына артыла кетеді. Жәй сөйлеп, жәй қимылдағанымен, бәрін алдын ала елеп- екшеп, байыптап барып сөйлеп, байыптап барып қи- мылдайды екен.
Қарауындағы елдің Жәнібек дегенде ұстаз көрген шәкірттей тікесінен тік тұратыны да сол ұстамды мі- незінен болса керек. Әйтпесе, батырмын деп тышқақ арыстандай бақырып-шақырған әумесерлер қайда жоқ. Жұрт ондайларға көзінше сый-мезірет жасағанымен, сыртынанқолдарыншошайтады. Жаудықашырғанына масаттанған даң көкірек кеше жауға істегенін елге де істеймін деп, маңынан елді де бездіріп алады.
Ал Жәнібектің қасынан қан қақырған майдан тұ- сында емес, кең көсіліп, ұзақ ұйықтайтын бейбіт за- манның тұсында да қарақұрым жұрт тарап көрген емес. Олар Жәнібектің көзінше үнсіз де, сыртынан сөзшең. Бірақ бір қызығы, сонша көп сөзшең ауыздың бірде-біреуі оны даттап сөйлемей, мақтап сөйлейді.
Ол жайында жер түбінен дүңкілдеп жататын мақтау дақпырт қасына келсең, жым-жырт басылып қалады екен. Мынау қараптан-қарап, танаулары жыбырлап, еріндері қыбырлап тұрған сөзуар жұрт оңаша қалса, оны мақтап сайрап жөнелгелі-ақ тұр, бірақ өзінен қаймығып үндемейді...
Бұл қазақ ханды да бүйтіп сыйла- мас. Жәнібектің беделі өз елінде ханнан кем еместігі көрер
көзге көрініп тұр.
Дәл осындай ауыз- біршілік және тәртіп- тәрбие, дәл осындай салтанат бірде-бір
ханның, бірде-бір сұлтанның маңдайына бұйырған емес. Шамасы, бұл ел өз арасынан осындай әрі жүректі, әрі бі- лікті азамат шыққанына естері қалмай қуанып, ерек- ше масаттанатын болса керек. Оны әркім өз әкесінен кем қадірлемейтін, оның тілегін өз баласынан кем тілемейтін түрі бар. Кімде-кім оның атына ақау түскенше, өзімнің басым мақұрым кетсін деп ойлайтын тәрізді. Қарадан шығып хан болды деген осы. Қазақ үшін қарадан шыққан хан төреден шыққаннан гөрі қастерлірек пе, қалай өзі? Назарын жығып, бетінен алып жатқан ешкім көрінбейді. Сынап-мінеп шекеден қарап отырғандар тағы жоқ. Айт- пай-ақ біліп, көрсетпей-ақ ұғып, лыпып тұрған бір жұрт. Бұл мынандай мұнша пәтуалы, мұнша тындырымды елге қатты таңғалып келеді. Мұндағы жұрт Жәнібекті әрі ай- бын тұтып, әрі аяйды екен. Соны көргенде Әбілқайырдың әлденеге көңілі ортайып, қасындағы үндемес серігіне әрі қызыға, әрі қызғана қарайды...»*
Қазақ дәстүрі бойынша Жәнібек батыр көп әйел алған адам. Бәйбішесі – Шанышқалы Тұрсынбай дат- қаның* қызы еді. Одан екі ұлы – Дәуітбай мен Жау- қашар туған.
Екінші әйелі Алшын – Әйтеке бидің қызы. Бұл әйелінен бала болмаған.
Үшінші әйелі «олжаға» түскен қалмақ қызы бола- тын. Өзі бидай өңді, мұңды қара көздері қарамықтай, мүсіні сәмбі* талындай, жасы он бес-он алтылардағы сұлу еді. Оны Төле бидің ауылынан шығып, Түркістан- ға тәу етіп, қайтар сапарында ауылына ала кеткен. Жәнібек батырдың бұл аруға Аңырақай шайқасынан қайтып келе жатқанда көзі түскен. Одан туған алғашқы ұлдың атын пайғамбардың ақ жолында жүргенде жаралған перзент деп Ақмұхаммед қояды. Кейіннен ол Ақпамбет аталып кеткен. Мұнан кейін дүниеге Тоқмұхаммед (Тоқпамбет), артынан Деріпсәлі келеді.
*бұл үзінді Әбіш Кекілбаевтың «Алаң-елең» романынан алынған.
*датқа – жоғары лауазым, атақ.
*сәмбі – иіліп майысатын, солқылдақ қызыл шілік.
Шариғат заңы бойынша жас ортасына таянған шағында Жәнібек төртінші әйел алады. Ол Керейт Қосым батырдың қызы еді. Одан туған ұлы Тоқтамыс әкесі Жәнібек Тарханның шаңырағын ұстап қалады. Тоқтамысты көрген, білгендер өте бай, жомарт адам болған деп суреттейді.
Дәуітбай, Жауқашар, Ақпамбет, Тоқпамбет, Деріп- сәлі, Тоқтамыс атты батырдың ұлдарының әрқайсысы қазір бір-бір ата, рулы елдің есімдері. Үлкен баласы Дәуітбай ерлігімен елге танылған жаужүрек батыр болған. Әке атағына дақ түсірмей, Еділ және Жоңғар қалмақтарына қарсы жорықтарда талай рет қол бас- таған. Абылай ханның сенімді серігі Дәуітбайға да Тар- хан атағы берілді.
Жауқашар атқұмар адам саналған. Әкесі Жәнібек оған сәйгүлік сыйлап:
– Сенің атыңды бір шығарса, ат шығарады, – депті. Шынында да әкесі қалдырған сол сәйгүліктің құ-
лыны Жауқашар күрең деген атпен бәйгенің алдын бермеген. Сәйгүліктің нәсілі осы бүгінге дейін бәйгеге қосылып келеді екен.
Ал Ақпамбет пен Тоқпамбет жастайынан-ақ алмас- тай жарқылдап ат арқасынан түсіп, найза сүйеген күндері сирек болыпты.
Батыр ұлдарына:
– Қазаққа қалқан, қалмаққа алдаспан болып туған, шіркіндер-ай! Ғұмырларың жетсе хан мен қараны қосатын сендер боларсыңдар, – деген екен.
Өкініштісі осы екі батыр да қыршын кеткен.
Жәнібектің ұлдарынан басқа Ділдә есімді жалғыз қызы болыпты. Ол осы қызын Қанжығалы руынан шыққан Бораншы деген кісінің баласы Қарасайға бере- ді. Бораншы Жәнібектің тұстасы Бөгенбай батырдың етжақын туысқаны екен, әрі елге әйгілі би болған адам. Жұрт сөзіне сенген Ділдә баратын жерін кедейсінеді.
Сонда Жәнібек:
– Бай – бір жұттық, батыр – бір оқтық. Бораншының сыңар лебізінің өзі алты қырдан асып жатады. Биден туған баланың берекеден кенде болуы мүмкін емес. Ал- дамшы жағдайға бола алдыңды сөкпе, қызым, – депті. Бойына өз халқының абзал қасиеттерінің барлығын сыйғызған, қазақтың дұшпанының кеудесіне тірер найзасы болған, ерлікке толы ғұмыр кешкен, даланың қаһарман перзенті Жәнібек Тархан 1752 жылы көктемде өзінің атамекені Торғай бойында елу тоғыз жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өзіне тартқан ұлы Ақпамбет Торғай мен Түркістанның арасын күңірентіп, батырдың денесін Қожа Ахмет Иассауи
күмбезінің астына жерледі.
Иә, Жәнібектің бар өмірі арпалыста өтті. Ал ұрпақ- тары да халқының жел жағына қалқан, ық жағына қорған болып, ата дәстүрін берік ұстады. Өткен ғасырда- ғы қазақтың зиялыларының бірі Ыбырай Алтынсарин – Жәнібек Тарханның жиені. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов – Жәнібектің нәсілдері.
Жалпы, Торғай жерінен көптеген батырлар шыққан. Олар – тек өз төңірегі емес, бүкіл қазаққа белгілі болған ел қорғандары Аманжол, Шақшақ, Жәнібек, Дәуітбай, Шеген сынды батырлар.
Әдетте, әр рудың ұрысқа бастайтын өз ұраны бол- ғаны аян. Торғай арғындарының жауға шапқанда атой салған ұраны – «Аманжол» еді. Тек Шақшақұлы Жәнібектің тұсында ғана бұл ұран өзгерді. Өйткені батыр жауына «Шақшақ, Шақшақ!» деп шапты. Бұл дабыл жиырмасыншы ғасырдың басына дейін бұзылмастан жетті.
Қазаққа – қалқан, қалмаққа – алдаспан болып туған қаһарман ерлердің бірі Шақшақұлы Жәнібек әрқашан ел жадында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа есімі жатта- ла беретіні шүбәсіз шындық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter