08.02.2022
  552


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

Топ бастаған шешен

Қазақта «Ел ерсіз, ер елсіз болмайды» деген аталы сөз бар. Еуропалықтар   мұны   тілдің   майын   тамызып ұзақ түсіндірер еді, ал қазақ тілмен түйілгенді тіспен шеше алмайтындай етіп бір ауыз сөзбен-ақ түйіндеп тас- тайды. Қазақ ішінде шешендер аз емес. Батыры да, бала- сы да от ауызды, орақ тілді болғаны тарихтан белгілі. Өз тілін білу – ұлт баласына міндет. Бала әрқашан ана тілін- де сөйлеп, сол тілде ойласа – ұлт өмірінің жалғасқаны. Сөзге                 ден          қойып,   оны  өз     ретімен              жақсы               қолданса, ұлылықтың нышаны таяқ тастам жер. «Тіліңді біл, ба- лапаным» деу осыдан барып туады. Қазақтың ана тілі



  • түбі жоқ терең мұхит.


Жәнібек – ел бастап, қол басқарып қана қоймай, халық арасында шешендігімен де танымал болған адам. Оның бір ғасырға жуық мерзімде өткен қазақ-жоңғар соғысы кезеңінде тууы да жалған емес. Ол соңынан ер- ген жігіттерге: «Ұрыста олжаға емес, жеңіске ұмтыл. Жеңіске жеткен соң олжа ешқайда кетпейді» дейді екен. «Әділдік болса, батырлық неге керек» деген сөз де Жәнібектікі. Шындығында әділдік болса, соғыс болмай- ды емес пе? Соғыс болмаса, батыр да шықпайды.


Жәнібек бабамыздың ел арасында ауыздан ауызға же- тіп сақталып, бүгінде жастарға өсиет, өнеге болар ойлы сөздері өте көп. Солардың ішіндегі:


Қаһарсыздан хан қойсаң – қасиеті болмайды, Үлгісізден би қойсаң – өсиеті болмайды, Пірсізді пір тұтсаң – қарекеті болмайды, Құдай бергеннің әрекеті болмайды,


Адам бергеннің берекеті болмайды, – деген сөздерінде қаншама терең мағына, мазмұн жа- тыр. Қылышпен тіліп алғандай тегіс, қоспасыз шымыр да өткір сөздер...


Кедей болар жігіт, биесін сатып ат қылар, Жалғыз қалар жігіт, туысын сатып жат қылар.


Шындығысолай. Биесінсатқаны– келешектеқұлын- сыз қалғаны, туғанын жамандағаны – ағайыннан алыс- тағаны. «Жақсыға сөз, жаманға шөп ереді» дейді батыр.


«Билік айту оңай, біліп айту қиын», «Қашпаған жаудың күші бар, жантақты жерде сона бар», «Түйе қотырын ботасына жұқтырады», «Өгізді өрге айдағанның өмірі өксиді», «Көп азға қылған зорлығын айтады, аз көптен көрген қорлығын айтады», «Ел жасымен көрікті, тау тасымен көрікті, табақ асымен көрікті», «Ел барда ер болады, елі жоқ ер қор болады» деген қанатты сөздер әлі де ел арасында айтылып жүр.


Жәнібек туралы халық жадында сақталған аңыз- әңгімелер де жеткілікті. Енді сондай әңгімелерге құлақ түріп көрейік. Мұнда да талай тағылым, өнеге бар.


***


Бірде Әбілқайыр хан Жәнібектен:



  • Мені осы жұрт неге жамандайды? – деп сұрайды.

  • Хандар жақсы іс істеп, жаман сөз естуге тиіс, – деп- ті сонда Жәнібек.


***


Әбілмәмбет хан жоңғарлардан күйрей жеңіліп, со- ңындағы отыз шақты ғана нөкерімен Жәнібек батыр- дың ауылына келеді. Өзара әңгімеде де, дастарқан ба- сында да хан «құрыдық», «енді өлдік» деген сөздерді жиі қайталай беріпті. Сонда шыдамай кеткен батыр:



  • Хан өлім емес, өмір жайлы ойлауға тиіс, – деген екен.


 


***


Өмірі қолына қару алып жауға шаппаған қорқақтау бір жездесі Жәнібектен:



  • Балдыз, осы біздің ауылда кім жақсы? Төрт түлік ма- лым, бір басыма жететін байлығым бар, сірә, мен жақсы шығармын, – депті. Сонда Жәнібек:

  • Жездеке, әңгімеңіз орынды. Сұрағыңыз да дұрыс.


Біздің ауылда кім сізге ұқсамаса, сол жақсы, – депті.


Жездесі өз сөзіне қатты ұялыпты.


***


Жәнібектің қалмақпен соғысуға аттанып бара жатқан кезі. Ауылдың бір ақсақалы батырға бата беріп:



  • Балам, өзіңді сақта! – депті. Сонда Жәнібек жұлып алғандай:

  • Ата, одан да жаныңдағы жолдастарыңды сақта де- мейсіз бе? – деген екен.


***


Жәнібектің ауылында той болып, бұл қуанышқа тама Есет батыр келіпті. Тойдың қызған шағында Есеттің елі- нен он үш күн жүріп келген жаушы Есбол қария батырдың ауылын торғауыттар шапқанын хабарлайды. Жігіттер асығыс жинала бастайды. Сол сәтте Есбол қарияның қыр соңынан қалмаған бір жас жігіт:



  • Өздері қанша екен? – деп сұрайды. Жігіттің сұрағын естіген Жәнібек:

  • Әу, жау қанша деп сұрамас болар. Жау қайда демей- сің бе? – деп ақырып жібереді.


***


Енді бірде қалмақ қолымен шайқасардың алдында бір сарбаз:



  • Арыстандар, біздерді ұрысқа жолбарыс жүректі Жәнібек батыр бастайды. Жаудан сескенбеңдер, – деп қазақ сарбаздарын жігерлендіріп айқай салады.


 


Іле-шала Жәнібек батырдың өзі де:



  • Арыстандарым, қалмақтардың да қоян емес екенде- рін ұмытпаңдар, – депті дауыстап.


Сонан соң, «Шақшақ!», «Шақшақ!» деп ұрандап жауға қарай шаба жөнеледі.


***


Бір жорықта жүрген кезінде ойда-жоқта Жәнібек батырдың ұйқысы қашып, кірпігі айқаспайды. Түн орта- сында тұрып алып, қарауылдарды тексеріп, төбеге шы- ғып жан-жағында от көріне ме деп қарап, тың тыңдайды. Онымен қоймай жігіттерді ерте тұрғызып, жаттықтырып ұрысқа әзірлейді. Батыр көріп-білгендей-ақ алагеуімде* ойда-жоқта қалмақ әскері тиеді. Сақадай-сай қазақтар жаудың бетін қайтарып, қуып тастайды. Ұрыс аяқталған соң Бөгенбай батыр:



  • Жәнібек батыр-ау, жаудың таң атпай ұрыс салаты- нын қалай біліп қойдың? – деп сұрайды.

  • Жаудың тыныш ұйықтайтынын білсем, мен сергек болмас едім, – депті сонда Жәнібек.


***


Ағайын арасында да кейде өкпе, араздық болып тұра- ды. Ассаң, көре алмайтын, төмендесең, жамандайтында- ры да жоқ емес. Осы бір мінезден кімнің де болса, талай рет жапа шеккені мәлім. Мұндай жағдайлар Жәнібек батырдың ауылында да кездесіп отырған. Ойда-жоқта батырдың бір ағайыны:



  • Нағашыларыма көшіп кетемін, – деп өкпе айтады. Сонда Жәнібек:

  • Шырағым, Жәнібектің басының қадірін қалмақтың найзасы түсіре алмағанда, қазақтың айласы түсіре ал- майды. Менің ығымнан асқан пана, сәлемімнен асқан абырой таба алсаң, жолың ашық, – деген екен.


Сөйтіп қисынды сөзге тоқтаған әлгі ағайыны нағашы жұртына көшпей қалыпты.



*алагеуім – елең-алаң, апақ-сапақ мезгіл.


 


 


***


«Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарадының» кері, Жәнібек батыр сөз сайысында талайды мұрттай ұшырған екен. Сонымен қатар өзі өте жақсы көретін бір ғибратты әңгімесі мынау болса керек.


«Ерте, ерте, ертеде бір патша өмір сүріпті. Ол өлерін- де бейітінің басына: «Өзіммен бірге өте көп ақшаны көмдірдім. Қазып ал, жолаушы» деген сөздерді жазды- рыпты.


Осы сөзге нанған жолаушы көрді қазса, лақаттың алдына тағы да: «О дүниеге ешкім ешнәрсе алып кет- пейді» деп жаздырған екен.


Әзілкеш батыр көптеген жауынгерлік жорықтарда осы бір әңгімені жиі айтқан көрінеді.


***


Соғыс кезінде жолға алған азық-түлікті үнемдеу ке- рек. Осындай бір жорықта батыр сарбаздарына:



  • Құрткөжемен қарындарыңды қампайта бермей, етке де орын қалдырыңдар, – депті.


Мұны естіген сарбаздар енді ет жейді екенбіз деп құрт қосылған көжені аздап ішкен көрінеді.


«Жан қысылғанда шығады» демекші, қазақтың ұлы батырлары, атақты билері, ақылы асқан хандарының аты шығып, елге танылуы қазақ-жоңғар соғысы кезін- де көп байқалды. Ғасырдан аса созылған қазақ-жоңғар соғысы ел аузында қазақ-қалмақ соғысы делінеді.


Осы жан алып, жан берген қиямет заманда өмір сүріп, асқан батыр әрі от ауызды, орақ тілді шешен атанған Жәнібектің ұшқыр ойын, аузынан шық- қан даналық сөздерін халық қағып алып, жадында сақтаған. Әдетте, ондай тағылымды ақсақалдар бас қосқан жерлерден көптеп естуге болады. Ойлап қарасаң, осының бәрі кейінгі ұрпаққа арналған теңдесі жоқ мұра екендігін аңғарасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу