Әңгімелер ✍️
Қашқан жауға қатын да батыр
Жоңғар қалмақтарының қонтайшысы Сыбан-Рап- тан қайтыс болып, оның екі баласының арасында
тақ таласы басталады.
Хан тағына негізгі үміткер-мұрагер – Сыбан-Рап- танның кіші баласы Шоно Лаузан. Ол белгілі «Ақта- бан шұбырынды» заманында қалмақ әскерін бастаған Еділ бойындағы қалмақ ханының қызынан туған ұл еді. Алайда, тақ бәйбішенің баласы Қалдан-Серенге тиеді де, өкпелеген Шоно он мыңдай қолмен қазақ же- рін басып, Еділдегі нағашыларына қарай өтпекші бо- лады. Жәнібек батыр бұларға тосқауыл жасайды.
Сол жолы ол Жәнібекпен айқасып, батыр оны ат- тан құлатып, кеудесіне найза шанышқалы тұрғанда Шоно:
- Өлтір! Қашқан жауға қатын да батыр, – деген екен.
Ата жауының жанын жаһаннамға жібермек боп тұрған Жәнібек батыр сөзге тоқтап, басына сауға бе- ріп, босатқан көрінеді.
Әскері талқандалып, ауыр жарақат алған Шоно он шақты ғана адамымен нағашысына жетеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter