08.02.2022
  334


Автор: Шәкен Күмісбайұлы

ТАУДАҒЫ ЖАЗУ

 


 


Оянып кеттім. Шағын ғана бөлме ішінде кере- уетте жатырмын. Таң атып келеді екен. Басымды көтеріп алдым. Бөтен бөлме, бейтаныс балалар. «Мен қайдамын» деймін күбірлеп. Кенет сол жақ кереуетте тәтті ұйқының құшағында жатқан Тобылды көргенде барып, есімді жидым. Бұл Ақбел емес. Ақтастыдағы балалар лагері. Сонан соң кешегі бір күнді есіме алдым. Бәріне кінәлі әжем. «Ел көресің, жер танисың. Қай бала үздік оқып лагерьге барады екен. Танауыңнан ай- налдым. Ақылың бар ғой “демесе келмейтін едім. Ау- ылдан тал түсте автобуспен шықтым. Ақбелге көтеріле жауынның төпемесі бар емес пе. Апам қуанып жатқан шығар деп ойладым. Қарт адамның мінезі қызық.



  • Күн жарықтық таудан күркіреді, сүт көп бола-

ды. Бала-шағаның несібесі ғой,– дейтін ақ табақтың түбін ағаш қасықпен соққылап. Дәл қазір ала сиырдың бауырына отыра қап, сиыр сауып жатыр. Табынға сиырды бүгін өзі қосады. Көмекші атанып жүрген мені, лагерьге бар деп неге қыстады екен? Бірақ әжем айтпақшы «Бір айға қоян терісі де шыдайды».


Кері аунап түстім. Пыс-пыс демалып, Долдай ұйықтап жатыр. Кешегі мені қарсы алған, домалақ жүзді, сөзуар, пысық бала. Қолын ұсынып есімін айтты. Сарышұбар завхозды да, еден жуатын апаны да таныстырып үлгерген де осы. Сөйткенше керней үні естілді. Кереуеттеріне атып-атып тұрған балалар жалма-жан сыртқа беттеді.


–Жүр, тезірек,– деді Долдай күңк етіп.– Кешіксең жазаланасың.


 


* * *


 


Жаттығу соңынан Долдай, Тобыл үшеуміз жатақханаға бірге қайттық. Күн көтеріліп келеді. Тобылдың ызасы тарқар емес.


–Қашып кетсем бе екен?–дейді бұрқылдап.



  • Сен лагерьге Сарышұбар үшін келген жоқсың ғой,– дейді Долдай қарсыласып.

–Әттең, әкемнің мінезі жаман,–деді Тобыл күрсініп. Сарышұбар интернатта бухгалтер боп жұмыс істеп, пенсияға шығыпты. Интернат жанынан «Саяхат» лагерь ашылған кезде, завхоз боп жұмысқа кірген. Ты- нымсыз жан. Соқтықпайтын адамы кемде-кем.


–Лагерь кенес жиналысын көрсең. Жанат екеуі қатты ұрысты. Бүкіл залға дауыстары естіліп жатты,– деді Долдай әңгімесін жалғап.



  • Оқушыларды жәбірлемеңіз,– деді Жанат.
  • Балаларды дұрыстап тәрбиеле,– дейді оған Сарышұбар ашу шақырып.
  • Ата-аналары балаларын мұнда демалсын деп жіберген,– дейді Жанат.
  • Қолыңнан келсе, айдатып жібер,– дейді Сарышұбар сес көрсетіп. Жанат ағайдың жаны жайсаң, жақсы адам ғой. Сөйтсе, тәрбиешілердің бәрі Сарышұбарға жабыла ұрысыпты. Содан бері- балаларға жоламап еді, бүгін тұтанып тұр–деді Долдай.

Кенет Тобыл ысқырып қалды.



  • Менің Ақтұмсығымды қара! Қалай-қалай қалықтайды.–Долдай да дауыстап жіберді.
  • Ақмойын, Ақмойын!–Жерден үрдіс көтерілген жиырма шақты көгершін аспанда біраз қалықтады да шатырға қона бастады. Тобыл мені жетектей жөнелді.


  • Кеттік.
  • Қайда?
  • Шатырға.

Балалар шатырға кіре, көгершіндер аспанға қайта көтерілді. Тобыл мен Долдай аң-таң.



  • Мыналар әлденеден шошынып жүр,– деді То- был.
  • Мүмкін жабайы мысық кіріп кеткен шығар.
  • Мына жәшіктер кеше жоқ балатын,– деді Дол- дай. Демімізді ішімізга тартып, үнсіз қалдық. Қап- қараңғы түнек. Шатырдың шиферінің андыз-андыз тесігінен сығалаған сәуле.
  • Шатырдың ішін түгел, мұқият қарап шығайық,
  • деді Тобыл.

    • Жабайы мысық кісіге шабады. Байқау керек,– деді Долдай. Жүрегім дүрсілдеп қоя берді.
    • Қорыққанға қос көрінеді,– деді Тобыл мені қайрап.
    • Мен әкем үйден қуып жібергенде бейітке түнегенмін.
    • Бөспе,– деді Долдай дүңк етіп жақтырмай.



–Шын. Мінеки.– Тобыл саусағымен мойнын қайшылады.


Құбыладағы кішкене сәулені бетке алып жүріп келеміз. Әлсін-әлсін тоқтап тың тыңдаймыз. Тым- тырыс. Кенет Тобыл жықпыл-жықпылы көп бөрененің қуыстарына қолын жүгірте бастады. Әлдене деп күңкілдеп жүр.


 


Көктұмсықтың ұясында бір жұмыртқа бар. Енді біреуі қалды,– деді. Сөйтті де қалтасынан әлденені аузына салып, шайнай-шайнай ұяға салды. Долдай да серігінен қалар емес.



  • Ақмойын әлі жұмыртқаламапты.
  • Таңданған күйі екеуінің қимылына қарап қалыппын. Шынында, мұндай балалармен доста- су керек деймін күбірлеп. Әттең, менің осылардай көгершіндерім болса деген арманым да бар.

Балалар алға жылжып жүріп кетті. Жуан діңгекті айналып өтті де, қалт тоқтай қалысты.



  • Ақшағаланың ұясы бітіпті,– деді Долдай.– Енді жұмыртқалауға тиіс.– Сөйтті де, Тобылдың жа- нына жақындап келді.
  • Менде бір ұсыныс бар,– деді сонан соң.
  • Биқожа басқа интернатқа ауысты ғой. Қазір Ақшағаланың иесі жоқ. Адайға берсек қайтеді.
  • Табылған ақыл. Тез үйренісіп кетеді,– деп мақұлдады Долдай.
  • Тек түсте бір уақыт келіп тұруды ұмытпа!
  • Мақұл,– дедім қуанышымды жасыра алмай.
  • Бірақ Сарышұбардан байқа! Көріп қойса, күні- міз қараң.
  • Құп!

ТАУ  ЖАЗУ


Әлсін-әлсін тұра қап тың тыңдастық. Бұл сәт көгершіндердің қанатының суылы естілді.



  • Қонып жатыр,– деді Тобыл қуанып.
  • Ішінде сенің Ақшағалаң бар.
  • Менің Ақмойыным.
  • Сенің Көктұмсығың. Шатырдың батыс бетіндегі тесіктен сыртқа көз тіккен бізді ешкім байқар емес. Лагерь ауласы жыпырлаған балалар. Бірінші мен екінші отряд стадионда футбол ойнап жатыр.


  • Тсс,– деді Тобыл кенет.
  • Сарышұбарды қара!– Демімізді ішімізге тар- тып тұра қалыстық. Қолтығына көнетоз қапшығын қыстырып алған Сарышұбар, аяғын паңдана басады.
  • Не ойлап бара жатыр екен?–деді мырс еткен Тобыл.

Қайтар жолда қолымды ұяға жасқана тықтым.


Шағаланың мекені.



  • Ертең міндетті түрде келемін,– дедім ішімнен күбірлеп.

Үшеуміз жатақханаға кеп кіргенде, кешегі көрген үй сыпырушы кемпір бас-аяғымызды көзімен тінтіп өтіп:



  • Ойын баласы-ау. Бірін-бірі таба қалыпты,– деп күңкілдеді.

* * *


 


«Он бес күн өтті»,– дедім ішімнен. Уақыт зырлап ба- рады. Ертеңгісін керней үні шығады. Сосын тамақ. Тамақ соңынан кейде саяхатқа шығамыз. Тау-тас. Көкорай дала. Қала бере футбол ойыны. Жанат ағайдан үйренген күйлер. Кейін апама тартып беремін деймін.


Ой үстінде келе жатыр ем, алаңға қонған Ақшағаланы көрдім де, кілт бұрылып, асханаға қарай жүгірдім. Ақшағаланың тамағын ұмытып кетіппін. Анау шеткі қонған сол. Алақаныма қонып еркелей гуілдейтінін қайтерсің. Өрлей-өрлей иығыңа шығады. Берген тамағыңды там-тамдап қылғып сап, шатырға қарай ұшады. Мекиенінің жанына баратыны анық. Со- нан соң тұмсықтасып тамақтандырады. Көк мекиен қос жұмыртқаны бауырына басып жатыр. «Жұмыртқама тиме» дегендей қолыңды ұсынсаң ауыртпай тістейтіні де бар. Долдайдың Ақмойыны, Тобылдың Көктұмсығы да шатырдан алысқа ұзамайды. Жұбына тамақ тасиды. Ертеңді-кеш қамқоршы.


Асханаға кірер есікте ойламаған жерден әлдекімге соқтығысып қалдым. Бір нәрсе шалдыр ете түсті. Сынған терезенің әйнегі. Сарышұбар! «Құрыдым» дедім ішімнен. Айдаһар көрген қояндай шегіне бергенім сол еді, Сарышұбар сап етіп, құлағыма жармаса кетті. Жұлып алардай.



  • Ойбай! Ағатай,–деп шыңғырып жібердім.
  • Ә, тәубең есіңе түсті ме?– деді ол нығарлай сөйлеп.

–Байқамай қалдым, аға,– дедім ентігімді баса ал- май. Сарышұбардың тыңдар түрі жоқ.


 



  • Көзіңе қарап жүретін боласың,– деді дүңк етті. Сөйтті де, мұрындықтаған тайлақтай дедектете жетек- теп, тәрбиешілер бөлмесіне қарай жүрді.
  • Жіберші, аға. Өзім жүрейін,– дедім жаным мұрнымның ұшына келген мен.
  • Қашып кетпексің ғой,– деді Сарышұбар айызы қана нығарлап. Сөйткенше Сарышұбардың қолы бо- сап сала берді. Әлдекімнің шаңқылдай шыққан даусы естілді.
  • Біреудің баласын жәбірлеуге қақың жоқ. Жібер қане!– Енді ғана байқадым. Үй сыпырушы кемпір.
  • Нең бар мұнда? Сонда бұлар дүниені шағып бітуі керек пе?–деді қарсы дау айтқан Сарышұбар.
  • Шағылса мен төлеймін. Алпыс сомды сен- ақ ал. Бар баламды оққа беріп жер жұтқанда да күн көргемін.– Көз алдыма апам елестеп кетті. Еңіреп жылап жібердім. Сарышұбар шынымен сескенді. Ор- тадан жылжып жүріп кетті. Бұл екі ортада Тобыл кеп жеткен. Суға тұншығып есеңгіреген жандай дел-сал тұрып қалыппын. Тобыл мені жетектей жөнелді. Ұзай бере үй сыпырушы кемпірдің даусы естілді.
  • Сенікі ақ та, менікі қара екен ғой. Жүр, бастығыңа айт. Осы дүниені анау көрге бірге алып кетсең, көрерміз. – Осы бір қамқор үн жанымды елжіретіп барады.
  • Апам молодец. Тәубасын есіне түсірді. Әйтпегенде кабинетіне апарып, миыңды мұжитын еді,– деді Долдай. Досымның қамқорлығында шек жоқ. Көзі ойнақшып, ұшқын атып сөйлеген, оның жүзі жауын жеңген батырдай қуанышты.
  • Байқамай соқтығысып қалып ем, қолындағы әйнектері сынды,–дедім енді мәселенің мән-жайын түсіндіріп. Бөлмеге келіп, кереуетке отырған соң:
  • Апайдың қыр соңына түсетін болды-ау,–деді Тобыл күрсініп.
  • Апам ештеңеден қорықпайды,– деді Долдай басу айтып.

–Қайтіп?– дедім бетіне таңдана қарап.


–Кәдімгідей. Тәрбиешілердің бәрі апама жақ. Оның үстіне апайдың үш ұлы майданнан оралмай ерлікпен қаза тапқан. Оны бүкіл ел сыйлайды.



  • Шындығында, апайдың жазығы жоқ қой,– деді Тобыл тағы.

Шатыр іші ала көлеңке тартыпты. Алда келе жатқан Долдай оқыс бүк түсті де:



  • Қайран көк көгершінім-ай!–деп дауыстап жіберді. Жылап жіберудің аз-ақ алдында тұр. Үні дірілдей шықты.
  • Обал-ай, біреу ұрған ғой,– дедім мен.
  • Мүмкін.– Долдай маған бұрылды. Момақан кұс мәңгілікке көз жұмыпты. Денесі әлі жылы. Долдай көгершінді ары-бері аударыстырып көрді.
  • Еш жері жараланбаған,–деді таңданып.
  • Онда ауырған шығар.
  • Уланған жем жеген.– Долдайдың көзі шарасы- нан шықты.
  • Онда Қөктұмсықтың да саудасы біткен шығар?– деді мұңлы күйі.
  • Қайтіп?
  • Көк көгершінді тамақтандырып жүрген сол емеспе?

 



  • Солай-ау.– Мойындап басымды изедім. Қенет Долдай шатырдың тесігінен басын шығарып, қатты да- уыстап қалды.

–Көктүмсық!.. Көктұмсық!..– Өзінің қай жерде тұрғанын ұмытып кеткен сияқты. Сарышұбар байқап қалса қиын.



  • Өй, үніңді өшір,–дедім мен оны жұлқылап.– Сарышұбар естісе бәленің басталғаны.– Долдай кері шегінді. Өз-өзіне енді келсе керек. Сылқ етіп жерге отыpa кетті. Бұл екі ортада Долдайдың иығына кеп Көктұмсық қонды. Долдай жыларман.

–Көктұмсық, мекиеніңнен айрылдың,– деді Дол- дай. Құс та жақынын біле ме, кім білсін, көгершін мекиенінің жанына қонды да, гуілдеп екі-үш рет ай- налып шықты. Шамасы, тірі жатыр десе керек. Тұмсығымен шоқып көрді. Сөйтті де пыр етіп сыртқа қарай ұшты.



  • Өздерін кішкене күнінен жем беріп үйретіп едім. Ауылдан қойныма тығып осында әкелгенде бөтенсімей шатырды мекендеп қалып еді. Мені қимаған шығар. Атам өлгенде бұлар жұмыртқаны жаңа жарып шыққан балапандар болатын.
  • Сендерде бастауыш мектеп пе?–деп сұрадым Долдайға жаным ашып.
  • Е, жоқ. Жалпақсазда бұдан да жаңа мектеп-ин- тернат бар.
  • Сонда оқымадың ба?

Долдай жерге түқырайған күйі күрсінді.



  • Атам тірі болса, менің бұл жерде нем бар. Күнсипа апам қолды-аяққа тұрмай күйеуге тиіп кетті де,

 


әжемді Нұрбек нағашым қоярда-қоймай көшіріп әкетті. Ал менің онда барғым келмейді. Анау ақ бас шыңды көрдің бе? Олар соның бауырында тұрады. Ит өлген жер. Маған салса, Жалпақсаздан ешқайда бармас едім.



  • Атаңның сенен басқа балалары бар ма?– деді Адай досын әңгімеге тартып.
  • Болған. Ол майданда қаза тауыпты. Тірі қалғаны Күнсипа.
  • Жалпақсазда тұра бермедің бе?
  • Күнсипа ғой,– деді Долдай ернін дүрдитіп.

Екеуі бір сәт үнсіз қалды.



  • Әттең-ай, кім у сепкен жем тастады екен?– деді Долдай өкінішін тауыса алмай.
  • Кім біліпті. Сөйткенше:
  • Әй, қайдасыңдар?– деген Тобылдың даусы шықты.

Тобылдың кеудешесінің түймесі салынбаған, алқам-салқам. Жаяу жарыстан келгендей.



  • Мынаған не болған?–деді ол көгершінге қарап.
  • Соның жауабын таба алмай отырмыз,– дедім мен Долдай үшін жауап беріп. Тобылдың көзі бады- райып кетті. Көк мекиенді ары-бері аударыстырып көрді де:
  • Басқалары аман ба?–деді.
  • Түгендеген жоқпын,– деді Долдай селқос.
  • Мен қазір,– деді орнынан көтерілген Тобыл. Біраз уақыт көрінбей кетті. Тек тамаққа шақырған да- был естілген кезде ғана келді.
  • Қалғандары дін аман,– деді ол күрсініп. Ертеңгісін шаң-шұң дауыстан оянып кеттім. Құлағымды түріп біраз жаттым. Ұр сушы Сарышұбар мен үй сыпырушы кемпір. Біздің қамқоршы апамыз.


  • Жұмысыңызға салақ қарайсыз,– деді Сарышұбар.
  • Мендей-ақ болсын ел,– деді апай.
  • Завхоз кек алуға кірісті,– деді Долдай сыбыр етіп. Ол да оянып алыпты.
  • Жұмыстан шығарып жіберудің айласы,– дедім мен. Сөйткенше Сарышұбар тағы гүж етті.
  • Оның үстіне лагерь балаларын маған қарсы тәрбиелейсіз. Аңдитыныңыз – менің ізім.
  • Сен азық-түлік қойма-қопсыңа ие бол. Тәртіпті болуын тәрбиешілерден талап ет,– деді апай жөнін ай- тып.
  • Пай-пай. Ақылыңызды соларға айтыңыз. Жұмыстан шығып қалсаңыз көмектесер сізге,– деді Сарышұбар дікеңдеп.

Апай шарт ете түсті.



  • Сен мені қорқытпа. Уақыты келгенде осы шелек пен еден жуғышқа мені байлап қойсаң да тұрмаймын.– Даусы нық, өктем шықты.
  • Директорға доклодной жазамын.
  • Мен де қарап жатпаспын,– деді апай ерегісіп.

Сарышұбар есікті тарс еткізіп қатты жапты.



  • Завхозың бүгін кектеніп келген екен,– деді То- был.
  • Құр қоқанлоққы,– деді Долдай ернін шүйіріп.
  • Апайға барайық,– дедім мен.

Апыл-құпыл киініп сыртқа шыққан үшеумізді көрген кемпір, істеп жатқан жұмысын тастай беріп, бізге таңдана қарады.



  • Апай, ол сізді жұмыстан шығара алмайды,– дедім мен.
  • Иә, солай.– Апай бізге күлімсіреп, жақындап келді.
  • Әй, менің кішкене қамқоршыларым-ай,– деді ол. – Сендер естіп жатыр екенсіңдер ғой.
  • Иә.
  • Біз сіздің бар жұмысыңызға көмектесеміз,– деді Тобыл.
  • Суыңызды әкелеміз,– деді Долдай.
  • Ағашыңызды жарып береміз,– дедім мен.
  • Ал жаңағы ағаларың мені жұмыстан босатып тастаса қайтесіңдер?– Біз шынымен ойланып қалдық.
  • Қайғы жемеңдер, құлындарым. Бұл дүниеде әділдік деген бар. Түбі сол жеңеді. Осы сөз естеріңде болсын. Кешегі соғысқа да бармаған ол. Есепшотпен күн көрген. Қиындық та көрген шығар, кім біліпті. Мүмкін сол бейнеті үйреткен де болар.
  • Қызық екен,– деді Адай.– Сіз оны қорғап тұрсыз ба?

Апай сәл ойланып қалды да мырс етті.



  • Ағаларың сонау біздің заманның сендердің замандарыңа қалдырған өкілі. Ол бейшара өз көлеңкесінен де қорқады. Ептеп жымқырмасы бар. Соны білдіргісі келмейді.

Әдеттегідей топты бастап жеткен Тобыл кенет бүк түсіп отыра қалды.



  • Мына сұмдықты қара!– Түқырайған күйі жер- ге төнді.

 



  • Қап!–Артынша Долдай тізерледі. Көзім шарасынан шыққан күйі сілейіп тұрып қалыппын. Қөгершіндермен бүгін бір сойқанның болғаны анық. Быт-шыт боп жарылған жұмыртқалар. Ұйқы-тұйқысы шыққан ұя.
  • Мынау айуандық,–деді Долдай бүк түскен күйі фонарын төндіре жағып.
  • Кішкентайлардың ісі.
  • Мен де солай ойлаймын,– деді Тобыл.
  • Жәшіктер орнында жоқ. Сарышұбар соларды жұмсаған. Олар айды аспаннан шығарған.
  • Сазайын беру керек,– деді ашулы Долдай.
  • Обал-ай.

Бүл екі ортада: «Ойбай, аттан»,– деген байбалам дауыстан селк ете қалдық. Сарышұбар.



  • Өртейін деп жүрсіңдер ғой, өңшең жүгірмектер.

О, жауыздар!


Сарышұбар қолына кесек ұстаған күйі жақындап келді.


–Менің басым екеу емес. Түрмеге қаматпақсыңдар ғой? Тәрбиешілерің үйретті ме?



  • Біз көгершіндерімізге келдік,– деді Долдай.
  • Біреулер жұмыртқасын жарып тастапты,– деді Тобыл.
  • Пысықтарын шіркіннің,–    деді   Сарышұбар жекіріп.
  • Бәсе, бүл екеуі дүниені бүлдіреді. Мына үшіншісі қосылыпты. Құдай оңдап үстінен түскенімді қарашы.

Шегіншектеп келе жатқан балалар бөренеге арқа сүйеді. Алдында тұрған Тобылды да, Долдайды да


 


Сарышұбар ұстай алмады. Артынша мен де ыршып түсіп, достарыңның соңынан ілестім. Салған бойда тәрбиешілер бөлмесіне беттедік. Бағымыз жанбады. Бөлмеде жан баласы көрінбейді. Біз іздеген Жанат аға көрінбейді.



  • Тұрыңдар ана бұрышқа,– деп Сарышұбар ақырып қалды. Оқыс айқайдан үшеуміз де селк еттік. Қолын артына алған Сарышұбар қылмыскерді терге- ген тергеуіші сияқты. Қызараң тартқан жүзі жыбыр- лап, бөлмені ерсілі-қарсылы кезіп жүр.
  • Бәрінен де мынаны айтсаңшы. Біздің миғүла аздай,– деп бір сәт ол маған төнді.
  • Кәне, айт, шатырға неге шықтыңдар?–деді бұйырып.
  • Көгершіндерді тамақтандыру үшін,– дедім шы- нымды айтып.
  • Көгершініңмен қоса құрыңдар, түге,– деді Сарышұбар жақындай келіп.
  • Өртейін деп жүрсіңдер. Темекі тартасыңдар сендер! Қане, көтер қолдарыңды.– Сарышұбар тұтқынға түскен “барлаушыны” тексерген жендеттей қалталарды тінте бастады. Ызбарлы жүзін суытып, дікің-дікің етеді.
  • Мынауың не, жауыз?–деді ол сол сәт Долдай- ды қалтасынан алып шыққан фонарьды көрсетіп.– Сендердің ойларың бөлек.
  • Аға, біздің осында үйретілген көгершіндеріміз бар. Шатырдың іші қараңғы болған соң,– деді Долдай үшін Тобыл жауап беріп.

Бұл екі ортада есіктен Жанат ағай көрінген. Cap- шұбар бажылдай жөнелді.


 



  • Міне, мақтаған балаларың,– деді ол Жанатқа бажырая қарап. «Жүзінде мен жеңдім, сен жеңілдің» деген мысқыл табы бар. Тобыл күңк етті.
  • Аға, біз көгершіндерімізге бардық.
  • Жоқ, сен өртейін деп жүрсің,– деді оның сөзін бөлген Сарышұбар.– Жұмақтың құсы болса да бәрін қырамын
  • Олардың жазығы жоқ қой,– деді Долдай қасарыса.
  • Шындарын айтып тұрған шығар,– деді Жанат бізге болысып.
  • Сонда ақымақ мен де, балалар ақылды ғой.– Сарышұбар шап ете түсті.
  • Онда мен кеттім. Бала-шағаға ойыншық бо- лар жайым жоқ. Шындық қайда?– Есік сарт етіп жабылған сәтте Жанат бізге иек кақты. Мұнысы «кете беріңдер» дегені еді.

 


* * *


 



  • Ақтұмсықты құтқару керек! – Көкмойынды...
  • Ақшағаланы. Тіпті қолдан келсе бәрін...
  • Қалайша?– Балалар үнсіз қалды. Кенет Дол- дай жер шұқылап отырған жерінен атып тұрды.
  • Зорлық-зомбылықтың мекенінен кетеміз .
  • Табылған ақыл. Мен әжемді сағындым. Көгершіндерімді Сарышұбардың өлтіруін күтпеймін,– дедім.
  • Ұштық шатырға,– деді Тобыл.
  • Алдымен киім-кешегімізді алайық.
  • Мен терезені ашамын. Сендер сырттан келіңдер.
  • Ол да дұрыс екен.

Үшеуміз шатыр ішіне кіріп, көгершіндерімізді шақыра бастадық. Алдымен Ақмойын, артынша Ақшағала жетті. Көктұмсық біраз бөгелді. Тобыл жер басып тұра алмай сенделумен жүр.



  • Сені Ақтастының өткелінен күтеміз,– деді Долдай.
  • Мені тастап кетіп жүрмеңдер,– деді Тобыл.
  • Көктұмсықсыз келме. Асыға күтеміз.

Түбі көрінген мөп-мөлдір өзенге екеуміз үзақ қарап тұрдық.



  • Бізді ұстап алып, қайта апарса қайтесің?– деді Долдай.
  • Нағыз тұтқын сонда атанамыз,– дедім мен.
  • Мені байлап тастаса да қашып кетемін,– деді Долдай.
  • Мен де сөйтемін.

 


Бұл екі ортада бізге беттеген Тобыл көрінді. Жүзі түнеріңкі. Қолында қос көгершін.



  • Атып жатыр, жауыз. Қырып жатыр,– деді көзінен жасы мөлтілдеген ол.
  • Мен бергі қақпадан шыққанда, Сарышұбар мылтық алып батыс қақпадан кірді.

Сөйткенше мылтық гүрс ете қалды.



  • Өлтірді-ау, мынау,– деді Долдай көгершін- дерінің басынан сипап.
  • Сенің момақан туыстарыңды атып жатыр.
  • Жауыз!..

Сәлден соң мылтық даусы басылды. Төмен қарай тұнжырай қарасқан үшеуміз тілге келдік.



  • Өлексесін жинап жүрген шығар көгершін- дердің?
  • Әлбетте.
  • Қақтап жейді ғой.
  • Тфу!..
  • Көрсек қайтеді?
  • Жүзім шыдамайды,–дедім мен. –Жолға дай- ындалайық.
  • Ақтастының көпірінен    үшке     бөлінеміз,– деді Долдай.
  • Көлік кездессе жақсы болар еді,– деді Тобыл.

* * *


Сағымды даланың төріне ғажап шаһарлар орнап қалыпты._ Иен қиыр нұрға бөгіп жатыр. «Анау та- уды асып түссем, Ақбел көрінеді. Апам қуана қарсы алатын шығар». Кезерген еріндерімді жалап қойдым. Осыдан сәл бұрын ғана балалармен қоштасқан сәтті есіме алдым.


...Кіндіктастың белеңіне көтерілген соң жол айрығында үшеуміз шоқиысып отыра кеттік.



  • Ауылға барған соң Ақшағалаға жылы ұя жасап беремін,–дедім мен.
  • Мен де,– деді Тобыл.
  • Онан да бір жылдан соң, дәл бүгінгі күні осы жерде кездесейік,– деді Долдай.
  • Мынауың жөн екен,– деді Тобыл қостап.
  • Уәде!– Үшеуміз қол алыстық.
  • Бір-бірімізді ұмытпаймыз. Мәңгілік доспыз.– Үшеуміз құшақтаса кеттік.
  • Ал бір-бірімізге қарамай өз жолымызбен жүріп кетейік.– Үшеуміз үш айырық жолға түстік. Артыма бұрылып дауыстап қалдым.– Жолдарың болсын!..

Жан-жағыма қарап қойып, аяғымды ширақ алдым. Сиыртаңдайлана иілген белдер, тақия іспеттес төбелер, шоқ-шоқ талдар. Көгенге ұқсаған сым бағаналары. Адам қарасы көрінбейді. Алып жыландай ирелеңдеген жол. Бір белеңнен асса, екінші белен, қарсы алады. Со- нау күні Ақтастыға автобуспен келгендегі күн әлі жары- сып келеді.


Сөйткенше артымнан дауыстаған әлдекімнің даусы кеп жетті. Жалт бұрылдым. Тобыл мен Долдай. Қаратер боп жүгіріп келеді. Қуанып кеттім. Сәл таңдана қарап тұрдым да, қарсы жүгірдім.


Үшеуміз жол шетіне отыра кеттік.



  • Менде бір идея бар,– деді Долдай.– Жаудан жеңілгендей боп қашқанымыз дұрыс емес сияқты.
  • Енді не істейміз?
  • Сарышұбарға ұқсап одан үйренгендер, ертең бүкіл ауылдағы көгершіндерді қырып салмасына кім кепіл.
  • Ондайлар бар әлі. Тіпті көгершіннің бейбіт- шілік құсы екенін де білмейтіндер кездеседі. Мысалы, Сарышұбар.
  • Ех, солардың сазайын тартқызса,– деді Тобыл шыдамай сөз арасын киіп кетіп. Әңгімесі тоқтап қалған Долдай бізге қулана қарап алды.
  • Анау Ақтастының биік шоқысына көз салыңдаршы.– Балалар бәрі солай қарай көздерін тікті.
  • «Әлемде бейбітшілік сақталсын» деп жазылған,– дедім жұлып алғандай.
  • Ал біз соның астынан «Қөгершінді атпаңдар, адамдар» деп жазамыз.
  • Тамаша,–деді Долдай.
  • Жазу ауылға, жолдан өткен адамдарға көрінеді. Автобуспен өтетін жолаушылар қаншама. Біздің ескертпемізді бәрі оқиды. Тек Ақтасты емес, бүкіл елге жайылады.
  • Тарттық алға,– деді шыдамаған Адай. Үшеуміз ентіге басып, шоқыға шығып демалдық. Лагерь ауласы қарақұрым бала. Сапқа тұрғаны бесенеден белгілі.

 



  • Қазір түскі тамақ уақыты. Олар асханадан шыққанша жазып үлгереміз,– деді құлшынған Тобыл. Жарысып тас тере бастадық. Аспан айналып жер-

ге түскендей ыстық.


«Көгершінді» жазып біттік. Сәл дем алайық,– деді Долдай.


Сәлден соң Тобылдың «алға» деген даусы естілді. Ақ тастардың жетерлік боп табылғаны мұндай жақсы болар ма.



  • Төменге,– деді Долдай.

Жол жағасына жете бере бұрылып, биікке көз тастадық. Биікте «Көгершінді атпаңдар, адамдар!» деген жазу көлбейді.



  • Лагерьге тарттық,– деді Долдай,
  • Сарышұбар не дер екен?
  • Мейлі.
  • Балаларға оқытамыз.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу