Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  153


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

АБДУЛЛАҒА ХАТ

Аманба қатар құрбы дос-жараның
Сені ойлап әрбір таңда еске аламын.
Тілеймін бір алладан мейір-шапхат
Білімнің алмасын деп бос парағын.
Балам ең сенім артқан жас кезіңнен
Білім ал құлыншағым мол төзіммен
«Өлең сөздің патшасы» – деген Абай
Күтеміз бір жаңалық әр сөзіңнен.
Жеңіске жету үшін жігер керек
Ұстамды ақылдылық – саған тірек
Қасқайып сөйлеп кетер – айбындана
Бабаңдай топқа түссең керек жүрек.
Қуанам сен атансаң – Ақын бала.
Ақын болсаң жаныма жақын бала.
Әр сөзіңнен салмақты ойлар туып
Ұлылықтың білгейсің парқын бала.
29.11.1990.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу