Өлеңдер ✍️

  06.02.2022
  149


Автор: Саян ЕСЖАН

БАЯНСЫЗ...

Қимай жүрмін
әлі сол көктемені,
Қимастай ғып
сол көктем кеткен еді...
«Екі жүрек,
бір арман...» деуші еді жұрт
Бола алмадық ерке қыз,
сөкпе мені.
Өзендей буырқанып,
жылдар алдан,
Ақты да,
ғайып болды күндер арман.
Содан күз келді
менің сезіміме,
Содан күз жүрегіңді
мұңға малған.
 
Сезім де өткінші екен
ақ жаңбырдай,
Жаныңа тамшылаған
маржан нұрдай.
Сайтандай
жүйткіп содан төрт жыл өтті,
Төрт ауыз
естелік боп қалған мұңды-ай!..
Жүрегімде
жайғанмен үміт бүрін,
Дәл осылай
боларын біліпті кім?
Кей-кейде
сағыныштың үні болып,
Сыңғырлап
келетіндей қылықты үнің.
Қимай жүрмін
әлі сол көктемені,
Қимастай ғып
сол көктем кеткен еді...
Сағынғаным
болмаса ара-тұра,
Сол көктемнің
бүгінде жоқ дерегі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу