Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  239


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖІГІТТЕРГЕ

Жүзіңе сенің ұстара тиді,
Түсіңе кірді қыздар да жиі.
Қыздардың гүл-гүл біреуін ерек,
Қырмызы көріп іздеуің керек.
Кетсең де кезіп жаһанды мына,
Табуың керек сол қызды ғана.
Жасауы жайнап тұрған жоқ оның,
Бақытың бірақ қолында соның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу