Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
278
ҚЫЛ ҚАЛАМ ШЕБЕРІ
(Айша Ғалымбаеваға)
Қыл қаламның ұшынан
Қиял құсын ұшырған.
Кескіндегіш өнерге
Жастайынан құлшынған.
«Сары көйлек киген» ол,
Қара шашын түйген ол,
«Қызыл шəйнек», «Дəмді шай»
Бөлейтіндей күйге мол.
Майлы бояу, ақ кенеп,
Үйлесімге бап керек.
Түрлі-түрлі реңмен
Түрленеді бақ кенет.
Нарттай толық алманы
Қандай оңды салғаны.
Дəмділік пен сəнділік –
Айша тəтей арманы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter