Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  133


Автор: Жарасбай Нұрқанов

БАҚҰЛДАСУ

О, менің көкорайлы Көктерегім,
Жаһанда өзіңдей жер жоқ дер едім;
Мақпалдай жұмсақ, бұйра топырағыңа,
Табаным тимей қойды-ау көптен Менің;
Өзіңді өлердей мен сағынамын,
Мен көптен ауырамын, ауырладым,
Бəрің де бар болыңдар, сау болыңдар,
Орта жүз, Атығайым, Арғындарым.
Бақұл бол, əдемі мең, ақ маңдайлым,
Өмірдің бал лəззатын берген жарым;
Бұйырса топырағым Астанадан,
Топырақ сал, құда-жекжат, Наймандарым!..
30-мамыр 2011 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу