Өлеңдер ✍️

  04.02.2022
  140


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ҰЛ-ҚЫЗЫМЫЗ – ЖҰЛДЫЗЫМЫЗ

Жанымыздың жапырағы,
Жайқала бер, жас ұлан!
Жарқын күндер шақырады,
Талпындырып жасыңнан.
Қырмызыдай гүл шағыңда,
Тигізбейміз салқын еш,
Оттан ыстық құшағында
Отаныңның – шалқып өс!
Аспаның бар шайдай ашық,
Шаттанасың тым, еркем.
Арманы бар айға қашық,
Аттанасың күні ертең.
Жеріміздің жұлдыздары,
Біз сендерге құмармыз.
Еліміздің ұл-қыздары –
Мұратымыз, мұрамыз.
Бақыт деген – бала шығар,
Мына бізге тиесі.
Сендер болып қаласыңдар
Жұмыр Жердің иесі.
Əкелердің сенімі мен,
Аналардың ақ сүтін.
Тамшылаған теріңменен
Ақтай білсең, жақсы тым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу