Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
168
МАРЖАН БҰЛАҚ
Шумақтап жиған сайын дестелерді,
Дөңкиіп шөмелелер өскен еді,
Жарыстың қызығына түскен ерлер,
Жосылтар сыңайы бар кешке де енді.
Бұлтиған бөтегелі,
Дəн кеулеп зор кемені.
Тасыды маржан бұлақ,
Машина қырдан құлап,
Құлындай төтеледі.
Бункерден бұлақтайын саулаған дəн –
Шырқатып салған əуен, аумаған əн.
Ырғағын молшылықтың сезінеміз.
Зыр қағып сансыз көлік заулағаннан.
Бұлтиған бөтегелі,
Дəн кеулеп зор кемені.
Тасыды маржан бұлақ,
Машина қырдан құлап,
Құлындай төтеледі.
Жұлдыздай сүмбіледе сорғалаған,
Шопырлар – қолына құт қонған адам.
Əлемде бұдан асқан байлық бар ма
Маржанды қорап-қорап тонналаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter