Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.02.2022
329
ШЫРАЙЛЫ ШЫМКЕНТІМ
Əуелден қара көз кентім өзің,
Шымкент деп шырқайтын келді кезім.
Жүректі тербеген бұл бір əуен,
Кеудемді кернеген іңкəр сезім.
Арайлым, шырайлым, деймін сені,
Біздерге бейлің мол өйткені.
Мен жүрмін өзіңді əнге қосып,
Əдемі сəніңді көбейткелі.
Өмірің күнде той, күнде думан,
Жұлдыздар аз емес сенде туған.
Биіктен көрінгім келер менің,
Өнердің жолында жаным құрбан.
Əулетім, Шымкентім, Елім үшін,
Өнерім, жүрегім, жігер-күшім.
Еліме жөнім бар еркелейтін,
Қол соғып қойыңдар соның үшін,
соның үшін!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter