Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  139


Автор: Жарасбай Нұрқанов

АСЫЛЫҢДЫ БАҒАЛА

(əнге арналған)
Таудың əсем сəскедегі мұнары,
Сұлу Көкше, сусар бөркің ұнады.
Ескен желден, көшкен елден қызғанып,
Оқжетпесің оқшырайып тұрады.
 Қайырмасы:
Қол жетпес текше тасыңа,
Көз жетпес ұшар басыңа.
Армандай биік Оқжетпес,
Кеудеңді тосқан жасынға.
Тау бөктерлеп шөліркеген қарағай,
Көлге келіп төнуші еді жағалай.
Орманыңды селдіретпе, ағайын,
Асылыңды бағалай біл, бағалай!
Қайырмасы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу