Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
198
ҚАРТ ҚАЛАМГЕРЛЕРГЕ
Сезуші ек: Мұқаң менен Əлекеңнің,
Бір тойы аңсап күткен бар екенін.
Үміттің аспанында ай туғандай,
Аттады босағаны жаңа келін.
Кел, шырақ, үлкен үйдің келіні бол,
Сүйкімді, елең қаққан елігі бол.
Əлібек: «Алтын таптым» деп отыр ғой,
Келешек алтын дəнді егіні бол.
Бал айы махаббаттың тəтті болсын,
Бар айы жұбайлықтың сəтті болсын.
Жалғасы жарқын тойдың үзілместен,
Төріне жас отаудың шаттық қонсын.
Қос көңіл бір-біріне ұйып тұрсын,
Дос көңіл бəрінен де биік тұрсын.
Жас отау жайнай берсін күннен күнге,
Шаттықтың шарабынан құйып тұрсын.
Шақырып думанына Мейірманов,
Бір мезгіл ішкен де жөн мейір қанып.
Алайық қуаныштың құрметіне,
Болмасын отырғандар кейін қалып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter