Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
150
ШЫРҚА, ШЫРҚА, БҮКІЛ ЕЛ
(əнге лайықталған)
Жиырма жыл, жиырма жыл,
Айрықша ғой біздерге бұл;
Əсем əннен айнымайды
Бүкіл ел боп шырқайтын бір.
Қайырмасы:
Жүрек, қуанышқа бөлен,
Кеудем төгілдірсін Өлең;
Шырқа, шырқа, өңкей сұлу қыз бен
Өңкей өжет Өрен!
Еге болып, елге толық,
Төрге шығып, дөңге қонып;
Біздің қазақ өрлей берсін,
Бес жиырма – жүзге толып!
Қайырмасы:
Жылдан жылға есейіп біз,
Күннен күнге көркейіп біз;
Əрбір істе, əр қызметте,
Əрдайым да біз біргеміз!
Қайырмасы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter