Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  136


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ТАУ КҮНІ

Арайы бар, тауда күннің көзі жоқ,
Əлдеқайда шығып келе жатады.
Күшті əншідей сахнада əлі өзі жоқ,
Əйгіленген күнілгері атағы.
Шапағы бар шоқыларға төгілген,
Таудың күні батады екен заматта.
Ұлы əншідей өте шыққан өмірден,
Əні қалып алтындатқан табақта.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу