Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
159
ДОСТЫҢ ХАТЫ
Бұл неткен күн! – Жан жолдастан хат келген.
Сағынышты сансыз сəлем ап келген.
Оның өзін осылайша аймалап,
Бауырыма басар ма едім, əттең, мен!
Қайран достың жүрген жері шалғай тым.
Қанатым жоқ шырқап ұшып, самғайтын.
Жалғыз осы көгершіндей көк конверт
Арамызды жақындатып, жалғайтын.
Айналайын алақандай ғана хат,
Кешікпестен кеп қалғаның – қанағат.
Əр жолында, əр сөзінде, əрпінде
Маған деген махаббат бар ғаламат!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter