Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
182
ЕСІЛ БОЙЫ
Туған жер қандай ыстық, Сəбең айтқан,
Ел-жұртқа, Қызылжарға сəлем айтқан.
Жырлаймыз Есіл бойын үнемі біз,
Соғады туған жер деп жүрегіміз.
Туған жер, сағындым, деп, Мағжан айтқан,
Келерін қайта оралып болжап айтқан.
Аңсаймыз Есіл бойын үнемі біз,
Соғады туған жер деп жүрегіміз.
Жағасында Есілдің
Ағалардың есімін
Əнге қосып, қастерлеп,
Əуелетіп шырқасаң;
Туған жердің қадірін,
Туған елдің тағдырын
Сен де ойлайсың, жан құрбым,
Мен де ойлаймын əрқашан!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter