Өлеңдер ✍️

  03.02.2022
  117


Автор: Жарасбай Нұрқанов

ЖАҢА ЖЫЛДЫҢ ШАТТЫҒЫ

1
Күмбір-күмбір дəу сағат куранттары,
Күмбірлейді күллі елді қуантқалы...
Құйшы, достар, шаттықтың шарабынан,
Жаңа жылдың қалмайын санағынан.
Əшейінде ішуден аулақ жанмын,
Бүгін бірақ келеді лаулап жанғым.
Қыз-келіншек билесін дүрсілдетіп,
Ашыңдаршы шампанды гүрсілдетіп!
2
Кел, Жаңа жыл, жарқырап күмістей боп,
Жанға жақын, жұп-жұмсақ пүліштей боп.
Бейбіт өмір, бітімге елші Жылым,
Төріме шық, еркіндеп келші жылым.
Аяз сүйген нұр алмадайын,
Жаңалықтың көзі боп жайна дəйім.
 Жақсылықтың жауқазын гүліндей бір,
Қуаныштың өзі боп күлімдей кір.
Тың істердің тиегін ағыта кел,
Маған – шабыт, басқаға – бақыт əкел.
Ал сол үшін алайық тосты мынау,
(Кешір, достар, көп сөйлеп тостырдым-ау).
Бүгін парыз – бокалды сарқып ішу,
Жыл он екі ай шаттық күй шалқу үшін.
1970 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу