Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
322
АЛТЫН ДЕСТЕ
Танаптың тартқан сымдай дестелері,
Алапты айрықша бір кестеледі.
Өлеңім жол-жол болып түссе солай,
Мен өзге тілемес ем ештеңені.
Бау масақ, баданадай піскен дəні,
Сықылды сырлы өлеңнің ішкі мəні.
Дəл мұндай өзі əдемі, өзі түзу,
Жыр жолын жазбай жүр ғой ешкім əлі.
Соңынан дарқан ізді дардай ердің
Келеді қарай бергім, қалмай ергім.
Сом білек, зерек кеуде болғанда егіз,
Ұйқасы ен дəулеттің қандай керім?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter