Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
197
ХАТ-ХАБАР
Қалқам-ау, хат-хабар жоқ, айдан да асты,
Ақ сенім, қара күдік майдандасты.
Қашықтық – ғашықтыққа сын болды ма,
Осының аяғы өзі қайда басты?..
Жан сəулем, жауап жазшы мол ғып тұрып,
Тастайын жаман ойды мен бұқтырып.
Əйтпесе осы суық өсек құрғыр
Жүрмесін жүрегімді домбықтырып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter