file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  29.01.2022
  270


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

ӘКЕТАЙЫМ


Тығырықтан шығар жолды табам деп,
Жетер әлі әл кеткенше шамам деп.
Дамыл таппай, шарқ ұрасыз, әкетай,
Жетістікке жетсін әрбір балам деп.

Әкетайым - аласармас асқарым,
Маңызды емес пікірлері басқаның.
Өмірімді сіз нұсқаған бағытпен,
Тәлімменен, ақылменен бастадым.

Жүріп келем сіз көрсеткен жолменен,
Білем, әке, үмітіңіз зор менен.
Сеніміңіз шарықтатып шабытты,
Өмірімнің мағынасы болды өлең.

Сізсіз өмір - құлан жортпас құла түз,
Сәл қиналсақ, сізге мойын бұрамыз.
Бізді ойлап ағарған шаш, әжімге
Өмір бақи қарыздар боп тұрамыз.

Әкетайым, ізіңізді бастық па?
Жетпедік пе? Оза шауып, астық па?
Өтелді ме еңбегіңіз біздер деп,
Жарғақ құлақ тимей жүрген жастыққа?

Әкетай-ау, ақтадық па сенімді?
Соны ойлап, кейде жүрек егілді.
Қыз болсам да, намысыма тырысып,
Қаратпаймын жерге шыққан тегімді!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу