file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  Өлеңдер ✍️

  29.01.2022
  137


Автор: НҰРЛЫБАЕВА ГАУҺАР

* * *

Жылылығына бөлегенімен жазды нұр,
Тұрмайды бақыт, шаттықтан ғана аз ғұмыр.
Ызғарлы күзді қарсы алдым мен де көңілсіз,
Күрсініп терең, шығарып салып жазды бұл.

Биылғы жазым болды ғой толы сынаққа,
Анамды бізден әкетті келмес жыраққа.
Жердің бетінен індеттің жойып тамырын,
Сыйынам, қалған пендеңді, Алла, жылатпа.

Көңілге қаяу түсірген қиын, кез мұңды
Жадырап жаздың тұрмасын мәңгі сездірді.
Жақсы деп қалай айта алам ауыз толтырып
Анамнан бізді айырған қатал мезгілді!?

Құбылтып күйін, төзімін жанның тексерер,
Кезекпен мезгіл жіберген Алла - бек шебер.
Сындардан кейін берсінші сауап молынан,
Келесі жазды көруді нəсіп етсе егер.....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу