file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

  26.01.2022
  9103


Автор: Балаларға арналған ертегісі

Түйе мен Тышқан

Екі дос көп жылдардан кейін кездесіп қалады.
— Не істеп жүрсің? – дейді Түйе. — Әлі сол ұрлық па?
— Адамдарға құл болғаннан сол жүрісім артық емес пе? Тамағым – тоқ, киімім – көк, — дейді Тышқан.
— «Ұрлық түбі – қорлық» деп адамдар бекер айтпаған ғой. Байқа, бір күні Мысыққа жем болып кетпе, — дейді Түйе.
Түйенің айтқаны айдай келді. Сарайға Тышқан кіріп кете берген соң, үй иесі дәу қара Мысықты әкеп қойған. Бас салды. Не деген рахымсыз еді десеңші. Бірден жей салса жақсы ғой. Домалатып ойнап, әбден құмардан шықты.
Тышқанның есіне Түйенің айтқаны түсті. «Ұрлық түбі – қорлық». Не деген ақылды десеңші.
Нұрсұлу ТӨРЕНОВА.
Алматы облысы, Қаскелең қаласы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу