25.01.2022
  1410


Автор: Әлібек Асқаров


Жүз жасаған Жамбыл ақынның Қанымжан деген соңғы әйелі Самсы ауылынан екен. Бірде құдалар жағы қарт ақынды сый-сыяпатымен арнайы шақырып, қонақ етіпті. Дастарқан басында небір өлеңдер оқылып, құйқылжытып әндер шырқалады. Арарасында құда-жекжаттың әзіл-қалжыңы жарасқан базынасы да айтылып жатады. Сондай мезеттің бірінде шай құйып отырған өжеттеу келіншектің бірі:


 


– Шай ала отырыңыз, кәрі күйеу! – деп Жамбылға әзіл тастаған болады.


 


Сонда Жамбыл әлгі келіншекке жалт бұрылып, кідірместен:


 


– Балдыз деймін, ендеше балдыз деймін,


Су жағалай бітеді жалбыз деймін.



Жасым келді тоқсанның сегізіне,



Жездең қалай жатады жалғыз деймін? –


 


деп жырлай жөнеліпті.





Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу