Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.01.2022
135
Коммунизм ұрпағымен сырласу
Балам менiң,
жаңа жүрiп келесiң,
Қос ғасырдың ақ сүтiн де емесiң.
Бiрақ,
бiрақ, ертеңгi күн бiреулер
Дүниеге неге келдiң демесiн.
Ол кездерде болар дәстүр, жол басқа,
Ол кездерде шекаралар болмас та.
Жер басқанның бәрi болар ағайын,
Жер басқанның бәрi айналар жолдасқа.
Бiлмессiңдер оқтың қалай даруын.
Белдiгiңде жүрмес сенiң қаруың.
Ұлы ғасыр төбесiне көтерер
Ерке туған ұланы мен аруын.
Жердiң бетiн жабар мақпал көрпе – гүл,
Ән боп шалқыр ен дүние, ерке өмiр.
Сол күндерде ұлы мұрат үшiн сен
Артыңдағы ұрпағыңды ерте бiл!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter