Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.01.2022
128
Арман сапары
Керуендер қалған шөлмiсiң,
Әлде бiр шалқар көлмiсiң?
Қаншама ғасыр болдырған
Жеткiзбес ұзақ жолмысың?
Кеудемнен ұшқан жүз құсым
Шыға алмай жүрген құзбысың?
Тағалы тұяқ болмаса,
Тайғанап түсер мұзбысың?
Ұйқысыз түндер өтетiн,
Күлкiсiз күндер кететiн,
Жетi қат жер ме мекенiң
Инемен қазып жететiн?
Жүргiншi дамыл ететiн
Қайда бар сенiң бекетiң?
Жетi қат көк пе мекенiң
Самұрық қана жететiн?
Көрмеген көп пе көресiм,
Құр елес болып келесiң.
Алтайы қызыл түлкiдей
Алыстап сала бересiң.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter