Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.01.2022
194
Сарыарқаның сары гүлі
Сенсіз дала түрленбей,
Құлпырасың маусымда.
Сенің атың жүргендей
Аққулардың даусында.
Ынтығам мен сан көріп
Алаулаған кезіңе.
Пай-пай, мынау паң көрік
Қалай біткен өзіңе!?
Жел-жігіттің сәлемі –
Қоңыр самал желпіп тұр.
Әсемдіктің әлемі
Саған қарап елтіп тұр.
Күн де сені өпкендей,
Сарыарқаның сары гүлі.
Сенен тарап кеткендей
Сұлулықтың барлығы!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter