Өлеңдер ✍️

  21.01.2022
  153


Автор: Сайлаухан Нәкенов

Өлең

Ақ сөйлешi, бауырым –
Алдымдағы ақ қағаз.
Ақындықтың ауылын
Таппаған – көп, тапқан – аз.
Адасқан қаз тәрiздi
Мен де адасып жүрмiн бе?
Өлеңдегi парызды
Өтеу қиын бір күнде.
Бір ақиқат бары анық –
Үзбей iздеп мұратын,
Жаны жырдан жаралып,
Келе жатыр бiр ақын.
Алдымда тұр көп сыным,
Өткен күнiм келеңсiз.
Өкiнген жан өксiгін
Айта алмайды өлеңсiз.
Қуансам да хақым бар,
Сөйлемеймiн мен онсыз.
Арманын да ақындар
Айта алмайды өлеңсiз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу