Эсселер ✍️

  20.01.2022
  146


Автор: Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ

Іні туралы лебіз

Кенже інімғой. Осы бала туылып есімін қоярда әкем марқұм таңға дейін ойланып Талғар деп атын қойып еді. "Үлкен балам Айдарға ұқсатып солай қойдым" дегені бар. Өзі жүре бастағаннан әкемнен бір елі қалмайтын болды. Мәшинесіне мініп отырып алатын. Кейде сонда жатып ұйқтайды. Мәшинеден түс дегенді тыңдамай, "мені тастап кетесің" деп жылайтын)


Сөйткен баланы сүйікті әкесі алты жасында мәңгілікке тастап кете барды. Алланың ісіне не шара. Тағдырын солай жазған шығар. Сол күннен бері бар ықыласым бауырларыма ауғандықтанба, сәл алыстап кетсе алаңдап қаламын. Басқаға бүлк етпестей жүрегім бауыр дегенде бір аунап түсетін болды.


Інім бұл күндерде екі ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған әке. Жоғары білімді азамат. Білікті маман. Кен байытушы инженер. Аллаға шүкір деймізғой.


Туған күн дегенсоң еске түсіп жатырғой бәрі.


Сен туған күн әлі есімде бауырым. Бақытты бол! Тартып туған болмысыңнан айналдым. Артымнан ерген қарашығым, Баға жетпес асылым, Жүрегімнің жұлымы, Сен аман бол бауырым!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу