Өлеңдер ✍️

  20.01.2022
  191


Автор: Арман Шеризат

Тірі өлең

Жазмыш — өлең,
Жаратушы — арғы Ақын.
Арғы Ақынды армандауға бар хақым.
Сананы арбап, дұғалайды сезімді
Қанатына шам байлаған қарға-Түн.
Ұшып қайда барады екен құс-ғұмыр?
Ойлай-ойлай, жан шошырлық ұсқыным.
Құс-ғұмырдың қанатының астынан
Қалың елге қара өлең боп түсті Нұр.
Мен де өлеңге айналамын, білемін.
Өлең, ол да — мына мендей күрең ұл.
Тәңірінің жер бетіне үздіксіз
Жазып жатқан жұмбақ жыры — бұл Өмір!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу