Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
20.01.2022
130
Менің далам!
Менің далам!
Сенің балаң барлығы,
Сезілмейді, пейіліңнің тарлығы,
Бөленемін мол бақытқа әр күні,
Ойша шолып, ғарыштан да арғыны.
Сағат сайын,
Мен шаттықтан тасамын,
Перзентіңді дарқан етіп жасадың,
Бұл тірлікте, керегі жоқ тасаның,
Достарыма құшағымды ашамын.
Пейіліңнен көктемдейін гүл атам,
Жүректері жылыларды ұнатам.
Қорлық көріп, жылағанды жұбатам,
Ата берсін, шуақ құйып бұла таң.
О, туған жер, топырағыңда көктедім,
Өзің болдың жастайымнан өпкенім.
Саралаймын, өмірімнің көктемін.
Бұл өмірде, армандарым көп менің!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter