Шығармалар ✍️
Қазақ хандығы
Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихында маңызды орын алған. Қазіргі тәуелсіз еліміздің бастауы сонау хандықтың құрылғаны мен қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында. Өзінің бекітілген шекарасы мен салт-дәстүрі бар елге айналды.
Қазақ хандығы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген. Ең алғашқы ханы – Керей, соңғысы – Кенесары Қасымұлы.
1457 жылы Әбілқайыр ханға Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпаларымен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін қалаған. Хандықтың орналасқан ұлан байтақ жер аумағына қызығып, көз тігіп, ойран салатындар көбейді. Ең қауіптісі әрі ұзақ соғысқан жоңғар шапқынышылығы болды. Абылай ханның тұсында бұл жауды толығымен жеңіп шықтық. Тек жоңғар ғана емес басқада елдер қазақ хандығына шабуылдап, үнемі соғыс зардабы болып жатты.
Қазақ халқы аман қалу үшін Әбілқайыр хан бастаған сұлтандар мен билер Ресей империясының құрамына кіре бастады. Міне, осылай қазақ халқы өз тәуелсіздігінен айырыла бастап, араға көп уақыт салып аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Қазақ хандығы - біздің еліміздің түп-ғұмыры. Тәуелсіз Қазақстан халқымыздың азаттық жолындағы сан ғасырлық арманы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter