18.01.2022
  133


Жұмыс

Жұмыс адаминың өмірінің соңына дейін айналысатын кәсібі. Жұмысың жақсы көрген адам өзінің өмірінде жақсы көреді. Әр таңда куана оянып, жұмысына асыға жүретін жанның өмірі қуаныш пен шаттыққа толы болмақ. 


 


Өйткені жұмыс екінші үйіміз іспеттес. Уақыт өте жұмыстағы әріптестеріміз біздің бауырларымыздай жақын болып кетеді. Өміріміздің біраз бөлігін жұмысқа арнаймыз. Сол себепті де, өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысқанымыз дұрыс-ақ. Хоббиді жұмысқа айналдырып, сол арқылы табыс табуға болады. Біз жұмысты жағдайымызды жақсарту мақсатында жасаймыз.


Әлемде жұмыстың түрлері өте көп. Әр жұмыстың өз берекесі болады. Барлық адамдар жұмыс жасайды. Бірі дәрігер, бірі мұғалім, бірі журналист сынды т.б. жұмыстың түрлерімен өмірбойына айналысады. Тіпті, күнделікті үй шаруасының өзіде үлкен жұмысқа жатады. Үй жинау, тамақ істеу, кір жуу мұның бәрі жауапты жұмыс. Ендеше, әрбір тірі жан ғұмыр бойына жұмыс жасап өтер екен өзінің сүйікті ісінің маманы болғаны дұрыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Муж
Муж 19.01.2023 10:36
Тілек

Пікір жазу