18.01.2022
  122


Ауыл

Ауыл – алтын бесік. Әр азаматтын өзінің туып өскен ауылы бар. Туған жер әрқашанда ыстық. 


 


Барлық ғұламалар мен елге қамқор азаматтардың бәрі ауылдан шыққан. Ауыл жайлы көп кітаптар, өлеңдер мен әндер жазылған.  Ауыл көрінісі мен бейнесін ешқандай суретші әсем етіп бейнелей алмас. Таңертең оянғанда әр үйдің мұржасынан түтін шығап жатқанын көріп, олардың түннен аман-есен түгел шыққанын білеміз. Сиыр сауылып, таза табиғи сүтті аналарымыз сырттағы ошаққа пісіріп, таңғы асты дайындайды. Көшелерде жас балалар сиырларды мөңіретіп өріске   айдап әкетеді. Қойлар мен лақтар мәңіреп, жылқылардың кісінеген дауысы шығады. Ауыл адамдары еңбекшіл. Көше бойындағы қоқыстарды тазалап, аулаларын реттеп жатады. Кешке әр үйдің жанына өткен кезде әрқилы тамақтардың иісі шығып тұрады. Ауыл тұрғындары өте бауырмашыл, бірлігі жарасқан. Көршілер бір-бірінің үйіне кіріп, жағдайларын сұрап,  өздерінде жоқ затты уақытша сұрап алады. Егер үлкен үй салатын болса барша ағайын-көршілерді жинап асар жасайды. Асар – дегеніміз көпшіліктің көмегімен болатын үлкен жұмыс. Сол арқылы қиын жұмыстарды жұдырықтай жұмылып  жасап тастайды. Бұл ауыл тұрғындарынын ұйымшыл, бірлігі жарасқан орта екенін көрсетеді. 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу