Шығармалар ✍️
Мемлекет құрушы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілде күні Алматы облысы Үшқоңыр ауылында дүниеге келген. Оның әкесі Әбіш пен анасы Әлжана өте дана кісілер болған. Елбасына ат берген оның әжесі Мырзабала немересінің осындай ұлы тұлға боларын білсе керек. Нұрсұлтан деп екі атты бірдей беріп, халқына қалаулы азамат болсын деген ниеті де 1991 жылы орындалды. Ол мектебінде ғана емес, жоғарғы оқу орнында да озат болып, аса білімді азамат болып ер жетеді. Сондай-ақ бірнеше тілді меңгереді. Өз еңбек жолын металлургиядан бастап, 51 жасына тақағанда кең байтақ Қазақ елінің тұңғыш президенті атанды. Президентке көп ұзамай елбасы атағы, кейіннен Қазақстанның еңбек сіңірген азаматы атағы беріледі.
Жалпы елбасының жеткен жетістіктері бір шығармаға сыймаса керек. Ол қазақ халқының басынан өткен сан-қилы қиын кезеңдерде ең әділ шешім шығарып, елді бірнеше кризис кезеңдерінен азат еткен. Еліміз дамушы мемлекеттер сабында жүріп, жуырда дамыған 50 мемлекеттің қатарынан көрінген болатын. Ел басынан өткен ең маңызды кезеңдерде ел жанынан табылған елбасы болды. Ол өзінің айқын саясаты мен ұтқыр ойының арқасында әр 4 жыл болып отыратын президенттік сайлауда басым дауыспен қайта сайланатын. Ал 2019 жылы Елбасы өз еркімен президент қызметін босатты. Десе де ол ел есінде болатын, тарихи тұлға, көркендеп келе жатқан Қазақ елінің тұңғыш президенті елбасы болып қала береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter