Шығармалар ✍️
Күз
Күз жылы күндермен қош айтысып, суық күндерге денеміз үйренісетін мезгіл. Бірте-бірте күн ертелеп батып, күн біршама қысқаратын мезгіл. Күзде жапырақтар сарғайып, табиғат өлі күйге ене бастайды. Қыстың лебі бақалып, күн суытып желдердің гуілі жиілейді. Сөйтсе де күз әлі де болса бізге өзінде бар соңғы жылуын сыйлайды.
Күзді көп адам көңілсіз мезгілге балайды, себебі күзде бәрі де сұрланып, жаңбыр көп жауып, адам ағзасы әлсірей бастайды. Мұндай кезеңде дәрумендерді көбірек жеу өте пайдалы. Аспанда бұл қоюланып, көшедегі жаздағы белсенділік бәсеңдей түседі. Жапырақтар жерге төгіліп, жер анаға бояу болып енеді.
Алтын күз. Иә, күзді шынымда да алтынға теңеуінің себебі жоқ емес. Тек жапырақтар ғана емес, жер, шөп, аспан бәрі де сары түске енген іспеттес. Күздің тұманды күндері де аз емес. Ол жаздың жылы ауасы мен қыстың суығының айқасына ұқсайды.
Күздің күні денеңді мүлде жылытпайды. Жылы да емес, суық та емес. Күз көбірек серуендеуге әбден лайық мезгіл. Табиғат ана көктемде де өзіндік сұлулыққа ие болады.
Күз - Пушкиннің ең сүйікті мезгілі. Көптеген ақындардың дәл осы мезгілге арнап өлең-шумақтарын арнауы бекер емес болса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter